Әлдебір ойды, көрген-білгенін есіне сақтап, жадынан шығармады. ~ Ендігі жерде оны өзіне бейбіт жолмен қаратудың қиындығын сезген. Сондықтан күшпен алуды көкірегіне түйген. Ү.Жәл. ~ Осынау өмірдің қам- қаракеті, жақсылық үшін, ізгілік үшін күрес мұнан кейін де тоқталмайды екен. Соны мықтап түйді көкірегіне. Қ. Жұм. ~ Ол мәңгі бақида сол ауылға қайтып көшіп бармайтынын түйген көкірегіне. О.Бөк. ~ Ауылдан алты адым ұзап көрмеген қатар – құрбыларының қасында қазір Шеге көрген – білгені, көкірекке түйгені мол естияр ересек жан. Бұдан ығады. С.Ел. ~ Ертіс бойлап жүрген күні көкірегіне түйіп қайтқан ойын орайлы сәтінде хан иесіне бәрібір білдірмекке көп толғанды. Қалай айтпақ? Хан иесі қалай қабылдар екен? Ш.Бей.
