Posted in

КӨКІРЕГІНЕ ШЕР ТОЛДЫ (БАЙЛАНДЫ)

Жүрегіне қайғы толды. ~ Олардың қасында Кер бие көп аялдай алмады. Көкірегіне адам айтқысыз шер толып жоғалған үйірін іздеп жүр. С.Ел. ~ Бағанадан берi қыбыр етпей жатқан шал түсiнде әулиенiң тағы отыз жыл өмiр сыйлап кеткенi есiне сап ете түскенде көңiлi қобалжып, көкiрегiне шер байлана бастады. Ж.Шаш. ~ Бұған болсын кім жамбар? Көкірекке шер толады. Доссын болған кей жандар өзін кекеп салады. “Алдар Көсе”.