Posted in

КӨКІРЕГІ ДАҢҒЫЛ

Көзі ашық, алды-артын пайымдай білетін, танымы мен білімі бірдей терең. * Көкірегі даңғыл дана би өзі тілегеніндей елінің «ақтабан шұбырындыға» ұшырағанын көрмей, бұ жарық дүниемен хош айтысты. БАҚ * Әкемнің айтуынша, бұл оқиға Дегелең тауы, Ақбұлақ, Қызылту, Таңат елді мекендерінің маңында болған», дейді көпті көрген, көкірегі даңғыл Берікбол ақсақал. А.Қасым. * Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. БАҚ. * Біз білетін Мақсат мырза дұрыс пікірлі азамат. Көкірегі даңғыл, қазақты, қазақты аз көрсеңіз адамзатты сүйеді. Сондай гумманист. Бірақ оның, оның ғана емес, онымен пікірлес, ниеттестің бәрі Ресейдің Байқоңырдан кеткенін қалайды. Д.Қуат.