Көзі ашық, санасы анық, сезімтал, оқыған-тоқығаны бар адам туралы. * Соның бәрінің ерекшілігі мен пайдасын бізге айтып түсіндіретін де сол Қоңқа атай еді. «Мынау арша, мынау тобылғы, бұлар кез-келген жерге өспейді, қасиетті ағаштар бұлар» дейтін еді көкірегі көзді қария. Ж.Кенж. * Тұғыры биік азамат 81 жыл 8 ай және 10 күн өмір сүріп, Абай айтқандай: «Жүрегі айна, көкірегі көзді, көңілі ояу, жан жарығы мен жан қуаты мол адамдар» ортасынан лайықты орын алды. Б.Бис.
