Posted in

КӨКІРЕГІ ТАЗА

Ақ ниетті, жаны таза адам туралы. ~ Рысты Бектемірмен он жыл бір партада отырған кластасы. Ниеті сондай адал. Көкірегі таза. Мақанға қалай тап болғанына бәрі әлі күнге қайран. С.См.~ Бүгінгінің мұғалімінің де ішкі ұстаздық бейнесі – сол жоғарыдағы айтылған мақаладағы ойдан алшақ емес, үндес: «көзі ашық, көкірегі таза, анық халыққа қызмет істеймін деп жүрген азаматтар». Ғ.Құл. ~ Құлдық бұғауы жоқ көкірегі тазаның көзі де, өзі де таза болар. С.См.