Қатты қайғырды, опынды, аһ ұрды. ~ Жөкеңнен де дамыл алмай кісі тартып жатыр. Тобықтының ішкі шебін өзінікі етіп алу үшін Жігітекке тағы шырға тастайды. «Құнанбай баласының өз арасын ірітсем» дегенде көкірегі қарс айрылады. Осындай есептің біріне жаратқалы Базаралыға кісі салыпты. Жақында Абылғазы келіп кетіп еді. Базаралы өзінің бар жауабын, жау сырын маған әдейі сәлем ғып айтып жіберіпті,- деп насыбайын иіскеледі. М.Әу. ~ Біреу мақтай, біреу қолқабысын тигізе, жағына келген мынау көп, Әубәкірде арман бар ма екен? дейді. Әубәкірдің күрсінгенде көкірегі қарс айрылады. Қолпаштаған жел сездер шаншудай қадалған соң оңаша кеткен. Ғ.Мұст. ~ Жәзира көкірегі қарс айрыла ауыр күрсініп: «Теңізге… Балықшы әкеме барам. Өзге жол жоқ»,- деді күбірлеп. М.Сүн. ~ … күліп- ойнаған құрбы- құрдас бәрі- бәрі тізбектеліп өте бастайды көз алдынан; әрқайсысының көңіл қимас мінез- қылықтары, құрбылық наздары бар, итшілеген тірлікте бір- бірінің қадірін білмеген, көкіректі қарс айырған өкініш бар… С.Мұр.
КӨКІРЕГІН ҚАРС АЙЫРДЫ
Жүрегін жаралаған қайғы, шер, уайым туралы. ~ Егер бұрын жұмысты өз ықыласымен ләззат алып істейтін болса, енді
көкірегін қарс айырған ішқұсталықты басу үшін істейтін болды. Ә.Әл. ~ …әкесінің төменгі жағына барып тізе бүккен кезде ғана,
Сымайыл өзіне- өзі келіп, көкірегін қарс айыра терең күрсінді. Қ.Жұм. ~ Артымнан ерген жалғыз інім, төбемді көкке жеткізер
төркінм сен едің, басқадан өлі айырылсамда өзіңнен тірі айырылатын болғаным-ай деп еңіреген бикенің зары
төңірегіндегілердің көкірегін қарыс айырғандай болды. Б.Жұм.
