Posted in

КӨКІРЕГІ ҚАҚ АЙРЫЛДЫ

Аһ ұрып, күйінді, күрсінді. ~ Онсыз да қырдың заңы етіп үстем, Жасынан шердің улы отын ішкен. Көкірегі қақ айырылып, аһ ұратын, Көп тартқан күйініш пен өкініштен. С.Им. ~ Жібек түндік жапты. Қонақ үйдің жанына келіп аз ғана тұрып, көкірегі қақ айрылғандай, қатты “у-уһ!” деп барып үйіне кірді. С.Сей.