Мақтанды, паңсыды, қоқиланды, жөн-жосықсыз мақтанды. ~ Баяғы бір кезде: «мына әңгімені жазған кім?» деп сұрағанда: «Жазған мен!» – деп көкірек қаққан жас жазушыға Горькийдің тыжырына қарағаны есіне түсті. Т.Әл. ~ Америкалық сері жігіт қарсыласын шаршы алаңға шыққан бойда сұлатып саламын деп көкірек қақты. БАҚ. ~ Олар көкірегін қағып, жүгенсіз кете ме, жоқ тыю саласыңдар ма, әлде өлкенің араласуын күтесіңдер ме? З.Шаш. ~ Мұнысы несі? Өзі кім? Тәкаппар ма, танты ма? Қайсысы болғанда да көп алдында неге көкірек ұрады? Ж.Нәж. ~ Өздері де жұмыс істемейтін, өзгеге де істетпейтін бір-екі ғылыми қызметкер бар еді. Көкіректерін соққанда керемет болатын. Жиналыстарда көк тіреп тұрғандай сөйлейтін, тілдері сала құлаш. К.Қаз.
