Posted in

КӨК БАҚА

Тыриған арық бала, кісі; көтерем, көк ет мал. ~ – Қыстан қысыр шыққан ту қойымыздың түрі осы, балық көз майы жоқ көк бақа. Әсіресе мына қыздарға обал болды. Мені қойшы, соғыс кезінде масақ теріп жеп- ақ күн көріп кеткенмін. О.Бөк. ~ Мынау бір тажал шығар деп шошыған. Ақыры жеті айға жетер-жетпесте шала туды. Тырбиған көк бақа. Қарауға қорқасың. Сонда та тірі қалды. Т.Сәу. ~ Ақыры, не керек, пышаққа ілінді жануар. Еті де көк бақа екен, сорпа-суға зорға жарады… Әлгі ала ешкіміз туып еді. Т.Берд.