Езбе сөзуар, тантық. * Бір күні өстіп құриды деп тіршілік, фильм аты – сенсация! – тұр шығып. «Көрегендік» жасапты бір көк мылжың, режиссер атаныпты бір шірік. Ж.Нәж. * Егер жазушы көк езу мылжың, бір күндік атаққа ғана мәз, әйтеуір кітап жаздым екен деп төпей беретін талғамсыздыққа келмесе, ондай жазушы әрқашан да өзін-өзі қайталамайтын айтары бар, дүниеге жеке, өз атымен жаратылған жазушы. І.Ес. * … үсті-басындағы қиқымдарды кіржиіп шертіп, қағып отыратын кірпияз қонақтар; темекілерінің күлін көрінген жерге түсіріп отыратын «көк түтін» қонақтар; көк езу, көк мылжың қонақтар… Үндемейсің ғой, әлі жоқсың ба? Ү.Уай.
