Ту сырты; сырт мойын, қақ желкесі. * Үсті-басынан сау-тамтық жоқ, аяғынан басына дейінгі аралық түгел жырылды, түгел тілгіленді-ау. Оның үстіне көкжал толқын көк желкеден алып кері ытады. Ғ.Әріп. * Қуатты қол көк желкесінен ұстап тік көтеріп алғанда дем жетпей жаны көзіне көрінген болатын. Н.Қож. * Жемтік көздеп‚ түз торуылшы арам құстар көк желкесінен көмірдей тұмсығын қадап‚ мойын сүйегін мүжіп‚ тіпті қара шашына шейін жұла шашыпты. А.Алт. * Көк желкеден төнген қайқы қылыш сүйріктей-сүйріктей он саусақты қу жүзгеннің шырпысындай қыршып түсті. Ә.Кек.
КӨК ЖЕЛКЕ БОЛДЫ (ҚЫЛДЫ)
Ауыртпашылықты көп көріп, не нәрсеге де төзімді, көнбіс қалыпқа түсті. ~ Ал енді, бізге келген заман қандай, Заманға қарсы тұрар шамаң қандай? Басқаның көк желке боп тепкісінде, Талайсыз неден болдың, аһ, сормаңдай! С.Тор. ~ Көріп ылғи ауыр тұрмыс қиынын, Көк желке боп, салбырап екі иығың, Өмір бойы жүрсең дағы құлдықта, Шығып көрген жоқ-ты сенің бүйірің. С.Мұқ. ~ Анда-санда Еменалының айғайы бір шығып қалады. Ол ылғи әлдекімдерге ұрсып, аузы мұрнын боқтап жүреді. Елді Есенейден бездіріп, көк желке қылып болған бір жағынан сол Еменалы болар-ау… Қалайда бұл елдің, ырысы емес шығар. С.Мұқ.
