Posted in

КӨК КҮМБЕЗ

Аспан әлемі. ~ Үстінде біресе жазғы жаңбырдан кейін шайдай ашылған, көк күмбездей төңкерілген көгілдір аспанға, біресе көктемгі жап-жасыл жапыраққа ұқсаған, енді бір сәт өршіген өрттей қызғылт түске боялған, етегі қызыл тобыққа дейін жеткен ұп-ұзын көйлек. С.Дос. ~ Көк күмбездей төңкерілген көгілдер аспан шайдай ашық. С.Дос. ~ Жердің жаны – топырақ, су, өсімдік, аң-құс, жәндік өзінің о бастағы табиғи күйінен не қалды? “Әуеде ұшқан алты қаз” дейтін көк күмбезімізде құстарымыз қайда кетті? Ж.Аяз. ~ Әулие ағашқа аулағырақтан көз салғанда, ар жағындағы көкжиек, көк күмбездің шегі, шымылдық боп тартылғандай, қоса көрініс берер-ді. Т.Шап.