Posted in

КӨК МАЛТА

Бос сөзі көп қырт; мылжың. ~ Көк малта, көк езулі желдің үні,. Сендірмек несіменен ендігіні?.. Қайырсыз туған жаннан төрелік жоқ,. Желтоқсан – көрт үлектің келді күні. С.Адай. ~ Қалса да егер бірі мұны сезіп, Кетуі-ақ қолын қойып менен безіп. “Тентекті айып салып айдап жібер”, Деп шулап көк малтасын тұрмай ма езіп? С.Тор. ~ Бұл кешті жүргізуші асаба жігіт бізден бір курс төмен оқитын, өзіме жақсы таныс студент боп шықты. Ол аузымен айды алып, қолымен күн орнататын өлердей мақтаншақ, көбік ауыз көк малта еді. Н.Кел.