Posted in

КӨК МЫЛЖЫҢ

Көп сөйлеп, не болса соны айта беретін сөзуар. ~ Абай осыны еске түсіріп, ішінен Жұман үшін жаман ұялды. Мырс етіп: – Құдай-ау, неткен көк мылжың? «Илалламен» жер өлшеу неше атасынан қалды екен мұның. Оны әрі айтып, әрі санау неткен бейнет? Не деген мылжың тауандылық? – деп ойлаған. М.Әу. ~ Байбосынның ойынша: мынау не көк мылжың, не бір ысқаяқ қу. Не де болса сыр бермейін деп, әңгімесін бас шұлғып қана тыңдап отырды. Б.Тоғ.