Қақаған суық қыстың суреті. ~ Көк мұз, ақ қарда атамның басы қалғандай не қылам мен ол Мұзтаудан! – деп келесі бірі шамданып, теріс айналып кетті. Ә.Асқ. ~ Мен аптапты аңсадым ақ қар, көк мұз ақпанда, Мамыражай маңайым малынғанда мақпалға. И.Сап. ~ Рұқсат та сұрамай, Қонып жатыр — бұ қалай? Тағы қашып кетер ме екен бұл құстар Желтоқсанда алағай да бұлағай? Тағы да сол ақ қар, көк мұз тайғақта, Бұларсыз-ақ мінеміз бе қайратқа? Е.Аш.
