Posted in

КӨК СОҚТА

Қатып, нығыздалып, мұзға айналған қар. * Тұрғанбайдың Қарашолақтан алғаш опық жегенi осы едi. Аттан түсе қала, ери жауып тұрған күпсек қарды қолымен сығымдап, бiр кесек құрттай көк соқта жасады. Соны Қарашолақтың көмейiне ерiксiз жұтқызып жiбердi. М.Әу. * Түйе құмалағындай көк соқта шымыр бұршақтар жерді түтіп, тесіп жібере жаздайды. Баскиімсіз шекеге дөңк ете қалуы таспен ұрғаннан бір кем емес. Б.Соқп. * Ылғалды әуеде денеге тиетін ызғар сезілмейді. Түнімен еріп шықкан қар қазір тіпті былжырап, бет жағы көк соқталанып жатты. Ә.Нұрп.