Тегін берсең де қажеті жоқ, еш құндылығы, құны жоқ д.м. ~ Бұл қазақтың руханиятына ғана емес, бүкіл болашағына қатысты нәрсе. Осындай дүниелерге өз пікірін ашық айта алмаса, ондай академик, доктор, профессорлар бізге көк тиынға керегі жоқ. М.Мағ. ~ Бейбітшілік сақталса болды! Анау–мынау солқылдақтығыңның маған көк тиынға керегі жоқ. Ш.Айт. ~ Совхоз орталығына соқпақсыз ба? – Сайтан алсын орталығыңды. Маған оның көк тиынға да керегi жоқ. Р.Рай. * Баяғыда, есiңде ме, ақ патша тұсында тiлiн шайнаған‚ бойы сорайған татар бiреу болыс болғасын‚ айналасындағы барлық туған-туысқанын көтерiп, жалпақ елдi билетiп қойды. Соның көбi көк тиынға алғысыз бiреулер. Ел басқармақ түгел, аузынан сөзiқожырап түсiп тұрған бозымдар. Б.Алд.
