Posted in

КӨК ТІРЕГЕН

Өте биік, аспанмен таласып тұрған ғимарат туралы. * Жер асты – көгілдір тау, құлама жар, Жер үсті – көк тіреген мұнаралар. Көлбеп жатқан көк тасқа сына қағар, Кеншілер – кереметтей ғұламалар. М.Мақ. * Сол кезде төбесі көк тіреген көпті көріп, көп жасаған орман атасы кәрі еменнің гүжілдеген жуан даусы естілді. Б.Соқп. * Көк тіреген ғимараттар көлеңкеңді көрсетпей, Шым етті ғой кеуде тұсым, жарымаған дерт – емге. Д.Кәп.