Posted in

КӨК ІШЕК БОЛДЫ

Ашықты, іші кепті. ~ Торғын сол кеткеннен мол кетті. Судан қайтып оралмады. Шай келер деп күте-күте көк ішек болдық та, чемоданымызды алып біз де аттандық. К.Қаз. ~ Айналайын Шекенжан, Ортасына сүйкімді. Көк ішек болды бұл қауым, Күте-күте бұл күнді. К.Қаз.
2.Шек-сілесі қатып күлді. ~ Жол осылай жөн білсек. Қуаныш қылған қоғамың, Беташарға не бермек, Кім жомарт, кім көңілшек? Бергені сол жұртыңның Бәрекелді десеңші, Мәзбін соған: күлемін Болғанымша көк ішек. І.Жанс. ~ Сал даусын қиян дала тегіс естіп, Көлдерді күлдіреді көк ішек қып. Айдынның көгілдірі мың аунақшып, Бұла қыз шешесінен сөгіс естіп. Св.Нұрж.