Балғын жас; жаңа буын. * Бәрің де тістің суындай, көздің қарашығындай, жаңа пісіп келе жатқан көк өрім азаматсыңдар, баламызсыңдар, інімізсіңдер. Сендер кетсең қабырғамыз қайысады, бүйіріміз сөгіледі… оны көрмей-білмей отырған жұрт бар ма?.. Ж.Айм. * Сұрастырып бақса, Бақытжан сабаз жалаң бұт жүрген көк өрім кезінен Сыр жағасында дариямен алысып өскен, көзін сумен ашқан жүзгіштің өзі екен ғой. Ғ.Әріп.
