Posted in

КӨЛБЕҢ (КӨЛЕҢ) ЕТТІ

Көз алдынан елес берді; жылт етті. * Қораны енді бір айнала бергенде ық жақтағы көп жыртықтың бірінен бір қара көлеңке көлбең ете қалғандай болып еді, мылтықты оңтайлап ұмтыла беріп, тоқтай қалды. О.Көш. * Жайбарақат, қараңғы көшеге шыға беріп селк ете түсті. Дәл кез алдынан бір көлеңке көлбең етті де, біреу сүрініп-жығылып тура келе қашты. «Бұ, несі?» деп ойлады. С.Ел. * Көжек Жексенмен қоштасып вокзалға қарай беттеді. Бұлар перронға шыққанда жолдың бұрылған шетінде поездың құйрығы көлең ете түсіп көрінбей кетті. Т.Ахт. ~ Бөлмеге көлең етіп Ділдәш кірген. Уыздай жап-жас, балғын. С.Мұр. ~ Ақ көйлегінің етегі көлең етіп ортадағы қоңыр үйден дембелше бойлы ақ сары келіншек жайнаңдап шыға келгенде Асан бастап келген топ — Сұржекей, Бұқабай мелиса, Шеге, Ждақайлардың көздері жарқ еткендей болды. С.Ел.