Posted in

КӨЛГІР СӨЗ

Алдамшы, арам ойын білдірмеу үшін айтылған сөз. * Бірақ қайтейін, дос-дұшпанның кім екенін айырарлық сендерде әзір сезім шамалы. Дәрібайдың көлгір сөзіне, ет пен шайына алданасыңдар. Бұл мәңгілік емес. Б.Майл. ~ Көлгір сөз тиді ердің намысына, Қалайша сатсын батыр арын сұмға. Алтынды аяғымен теуіп қалды, Қайтадан қаһар шашып қарысуға. Қ.Бек.