Posted in

КӨЛДЕНЕҢ ЖҰРТ (КІСІЛЕР)

Былайғы ел; бөтен жандар. ~ Қарашада ел құмға қарай көшерде кенже інісін қолынан жетектеп тайып тұрды. Тіпті, көлденең жұрт құрлы: «Көктемде аман-есен көрісейік!» деген жоқ. Қарасы өшерде ғана артына бір-екі рет жалтақтап қарады… Т.Әл. ~ Ағыл-тегіл тағы жыладым. Көлденең жұртқа жақсы көрген жарынан айырылған еркектің еңірегенін естуден ауыр жай жоқ екенін сонда білдім. Ә.Нұрш. ~ Бұл сапарда сайлаудағы шыққан шығын, кеткен намыс әм ілгерідегі үміт әммасы қосылып, оның үстіне көлденең кісілердің сөзі де қамшы болып, «не қылса да Байжанмен құда боламын», – деп жауап қайтарды. М.Дул.