Posted in

КӨЛДЕНЕҢ САУАЛ

Тосын сұрақ, күтпеген сауал. ~ «Ау, сұлуым, мені титықтатқан қаптап кеткен халық жаулары, сені тас төбеңнен ұрған қай албасты?» – деп көлденең сауал қояды. Келіншегі сыңғыр, сылдыр күледі, бұл жыны қозып келсаптай жұдырығын көтереді. Д.Дос. ~ Ғилажиев мадиярдың сөзінен жарықшақ тапқысы келіп оған көлденең сауал қойды: ─ Ашыңқырап айтыңызшы. Совет жеріне не мақсатпен өттіңіз? С.Ом. ~ Көлденең сауал қойды. Көлеңкеге күшігенше шүйлікті. Д.Дос.