Posted in

КӨЛДЕНЕҢ ТАРТТЫ

Алдына әкеп қойды, ұсынды, сыйлады. ~ Әйелі бізді айранмен сусындатып, барын алдымызға тосты. Жолға шығарда Иманқұл бұзаулы кер сиырды алдымызға көлденең тартты. Әкем ақшасын төлеп, көкеме жетелетті. Б.Мом. * Келген жұмыстары қара сиырдың бүгіні мен болашағы жөнінде кеңесу екен, сиырын алып шығып, алдарына көлденең тартып қойдық. О.Әуб. * Құты қашып тұрған інісі: «я құдай-ай! » деп кербестіні көлденең тартты. Т.Әл.

  1. Әңгіме қылды, мәселе ретінде көтерді, тілге тиек етті. ~ … идеология жөніндегі хатшы Естай Әмірбеков кенеттен мүлде басқа проблеманы көлденең тартып, өріпкіген көңілді су сепкендей басқаны ғой … Ш.Мұрт. * Шайтанқұлақ арқылы аз сөйлесіп, көп сыр түюге ұмтылған сәтімде «Жармақ» туралы сыр тартпақ болғанымда, ол алысқа орағыта қайырып, әңгімелерін көлденең тарта берді. Т.Жұрт.
  2. Сөзіне дәлел келтірді, қисынын айтты. * Ештеңеге көңіл бөлмей жазған. Мүмкін Достоевскийдің тағдырын алдыма көлденең тартарсың. Т. Әс. * Кейбіреулер «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала», – дегенді көлденең тартты. Е.Мұх. * Әбеке, әйтеуір талассақ жас қарайластығын көлденең тартасыз. Мынау орыс сізден де үлкен ғой. Жүгініп көрелік… М.Сүн.