Posted in

КӨЛЕҢКЕ (БАСЫ) ҰЗАРДЫ

Түс ауып, ымырт үйіріле бастаған уақыт. ~ Дегенмен сезімі ай астында қарауытып жатқан тамда қалған- ды. Ай сәулесі арқасынан түскендіктен, көлеңкесі ұзарып, жеткізбей бара жатты. О.Бөк. * Түс қайтты – Шидүрге көрінбейді. Көлеңке ұзарды – Шидүрге көрінбеді. Сол баяғы тозаң көмген тас аула. Ә.Кек. * Іргені кеуектеп, кісі сиярдай үңгір қазам дегенше көлеңке ұзарып, кеш түсті. Т.Сәук. * Бұл кезде күн недәуір еңкейіп, көлеңке ұзара бастаған еді. О.Сәрс. * Шұлықты тоқи отырып, Кеңеспен осылайша сөйлесті. Осылайша тоқтамға келді. Күн еңкейіп, көлеңке басы ұзарыпты. С.Ел. ~ Күн құлақтанған күйі батып барады, көлеңке басы ұзарған сайын ала шұбарланып жатқан құмның іші бірте-бірте күңгірттеніп келеді. Ә.Әб.