Posted in

КӨМЕЙГЕ (КӨМЕЙІНЕ) ТІРЕЛДІ

Тіл ұшындағы сөз, сыртқа лық етіп шығуға таяу ашу туралы. ~ Сырқатының ауыр екенін әбден сезем — бірақ: «Қалай болар екен?» деген сұрақ көмейге тіреле береді, сыртқа шығарғым келмейді. Х.Ес. ~ Қандай топастық! Неткен сезімсіздік! Кеудесін кернеген ашу- ыза лықсып келіп көмейіне тірелген. Д.Әш. ~ Оны несіне менен сұрайсың, астауға түсір де, әкеліп қой алдымызға. — «Тамақтан басқа сен не білесің?..» деген сөз көмейіне тіреліп-ақ қалған. Д.Әш.