Еркін, шарықтап шыққан дауыс, ән. ~ Ілкідегі өкпе-назы бір пәсте ыдырап үлгерді ме, көмейден іркіліссіз төгілген әсем дауыс бөлме ішін кернеп сала берді. Ж.Шағ. ~ Көкірегін қарс айырған арманындай, булығып жеткен өксік демдей шала есірік халінде сипап оралар әуені және бар. Соны еске алғанда, ерні жыбырлап, көмейден небір ән төгіледі. С.См. ~ Кесілген тілі қазақшаға келмесе де, арабтың жұмсақ әуезді сарынына ере, көмейден төгілген зарлы дұғаны кедергісіз ақтарған. С.Сағ.
