Posted in

КӨМЕЙІНЕ ӨКСІК ТЫҒЫЛДЫ

Көз жасын әзер тиып тұрды, жылап жібере жаздады. ~ Піссімілладан қаймықпай жанына жетіп келді де, секіріп үстіне қона кетті.
«Бақ-бақ» етіп, мыжғылап жатыр. Қылыштың көмейіне өксік тығылып, тұншығып барады. «Өл-дім, өл-дім» деп айқайламақ еді, жағы
қарысып, дауысы шықпады. Жылай да алмады. Н.Сам. ~ Сол сәтте сөзбен айтып жеткізе алмас мұңлы да сағынышты күйді
басымнан кешірдім. Көмейіме өксік тығылды. Марқұмдардың бейнесі елестеді. Қ.Мүб.