Жемқор, обыр, тойымсыз. ~ Араға Алшынбай кіріскен соң, істің бетін Құсбек жеңілге саймақ боп, босаңси бастады. Бірақ кетіп қалған азын-аулақ қағаз бар. Омбыдан келген шенеунік пен көмейі кең Майыр бар. Осылардың бабын табуды Алшынбайдың өзіне тапсырған. Бұның арты ақша, пара, үлкен-үлкен жем деген сөз. Қыс түсіп, мал арзандады. Семізін елден алғызуға жер мойны қашық. М.Әу. ~ Ал Қалден Церен, көмейі қанша кең болғанмен, орыс жерінің тамағынан өтпейтінін түсінетін. І.Ес.
