.Ділмарлық танытты, сайрап берді. ~ Айтты-айтпады, дарынды алғыр халық еді. Көмейі бүлкілдеп, бес-алты шет тілінде емен-еркін бұлбұлдай сайрайтын. Т.Сәук. ~ Көмекейі бүлкілдеген майталман жыршы майда қоңыр дауыспен жорғадай жосылтып жыр толғайды. Ү.Жәл. ~ Ауылдас қазақтар Омарды орысшаға жетік деп білетін болды. Омар орысша сөйлегенде “көмейі бүлкілдейді” дейтін. С.Сей. ~ Келе жатқан жұмысшы орыс жігіті екен, оқымаса да орыс тілін сөйлегенде көмейі бүлкілдейтін Айғақ жаңағы жұмысшының алдын кес- кестеп тұра қалды да қолын ұсынды. Ә.Әб. ~ Ахметқан аспай сөйле, таспай сөйле! Даугерiңнiң көмейi бүлкiлдеген шешен болмағанын қомсындың ба, ел бастаған көсем болмағанын қомсындың ба? К.Сег.
- Бірдеңе дегісі келді. ~ Тыңдап отырған өз жағымыз ду күлді де, кіші құданың көмекейі бүлкілдеп, мырсылдай берді. Қ.Шабд. ~ Дәрмен домбыраны күйлеп, келтіріп алды да, «Жаймашуақты» айтты. Әдепбай тәрізді көрінбейді, домбыраны да баурап, бармағы сартылдап әннің ырғағына келгенде, мойнын да бұлғаңдатып, көмейі бүлкілдеп кетті. Ж.Айм. ~ Қан — сөлсіз кіреукі жанарларымен Ақбергеннің тұла бойын армансыз тінткілейді; көмейлері бүлкілдеп бірнәрселерді былдырлап айтқысы келеді, қолдарын ербеңдетіп, бірнәрселерді ымдап сұрағысы келеді. Не сұрамақ, не айтпақ?.. Қ.Жиен. ~ Қос сұлуды көргенде, көмейін бүлк еткізген ауыл жігіттері болмай қалған жоқ. Соның бірі — Рысбек дейтін желікпелеу, қушікеш, ақсақ жігіт еді. Ғ.Сл. ~ Кейде маған бір нәрсе айтқысы келгендей оқталып, көмейі бүлк-бүлк етеді. Әйтеуір оның бойында жасырынған белгісіз тылсым күш барын ұғатынмын. М.Рам.
- Бірдеңеге құмартты; құлқы шапты. ~ Билік дегенде көмекейі бүлкілдеп тұратын әмірсымақтар бұған жеке-жеке хат жолдап, ризашылықтарын айтты. Ә.Кек.
