Ескірді, көңілден кетті, ұмытыла бастады. ~ Бір кезде бала жүрекке түскен өткен күннің із -таңбалары, қайғы-қасірет жайлары – ұлы дауа – уақыттың өз шипасымен көмескі тартқан қайғы – қасірет жайлары міне, енді дүрбіден көрінгендей тым ұлғайып, айқын елес береді де, сөнген сезімдерді қара өрттей лаулатады. С.Шай. * Көрген түстей жырақтай бастаған, ес біліңкіремеген сəттері енді көмескі тартты. Е.Мұх. ~ Көмескі тартып, ұмыт боп бара жатқан осы үміт-мұратын Нұртай қайта жаңғыртты. С.Ом. ~ Үлкендердің көзі тайған соң кейінгі ұрпақпен дәнекер де үзіліп, кешегі қымбат жандар көмескі тарта бастайды екен… Қ.Ысқ.
- Қараңғыланды. ~ Самаладай сансыз жұлдыздар айдан ұялғандай көзден үртіс алыстап, әлсін-әлі көмескі тартып барады. С.Ом.
- Тозды, ескірді. ~ Терезеден түскен қызғылтым арай үйдің төбесінде аз дірілдеп тұрды да, бұрыш-бұрыштар лезімге қарауытып, өрмекшінің торлары көмескі тартты. Ж.Шәк. ~ Атақты қоғам қайраткерлерімен түскен суреттер де бар ішінде. Тағдырының ең мазмұнды, ең мәнді шағынан хабардар еткендей анау газет бетіндегі көмескі тартқан жазулар. М.Қож-а.
