Posted in

КӨН (ЕСКІ) ЕТІКТІҢ ҚОНЫШЫНДАЙ

Әбден тозығы жетіп, күні өткен д.м. * Күн көзінде қалған көн етіктің қонышындай тозып біткен өңешті жасыратын не таза жаға, не тоқпақтай галстук жоқ. О.Сәрс. * Жақындап барғанда көрдім. Тері жүні түсіп көн етіктің қонышындай жылтырапты. Мал екеш мал да адам сияқты бурыл тартады екен. Т.Әс. ~ Темірбай ұзын бойлы адамның еңгезердей денесіне, ескі етіктің қонышындай күн жеп қойған бетіне көзін алмай қарауға шыдамады. М.Жұм.