Тозығы жеткен аяқ киім, шәркей. ~ Ноғайқұл еруілге қарулы сөйледі: – Біздің жақтың қожасы тұз кенін бақылаушы! Әсте күлмейді, шын сөйлеп тұрғандай… Бөкпенбай турасына көшті: – Көн шоқай тұзшылар өтіп жатады. Біреуі қауын деп асқабақ жегенде, күлкіге жарыдық- ау!.. Т.Әл. ~ Сонда мұндай ақыл күллі дүниенің дәулетін теспей сорып жатқан Европадан шықсын-ақ, сол Европадан тәлім ала бастаған Россиядан шықсын-ақ, ал бірақ ұшқан құс, жортқан аң қаталап өлер құла түзде бейберекет босып жүрген көшпенділердің көн шоқайлы көсемінен қайдан шығып жүр?! Ә.Кек. ~ Көктемде қойшының көптен бері майланбаған көн шоқайындай тілініп-тілініп жарылып кеткен жер әуелі көз көрсетпес тас бақаның дауылы боп бір борады. Ә.Кек. ~ Картайды, тозды киім, болды тырдай, Құлағы тебінгідей, арқа қырдай. ұзарып он бақайдың тырнақтары, Көн шоқай аяқтағы қалды сыймай. БС. “Алдар Көсе”.
