Талайдан бері; біраз уақыттан. ~ Бұғының толып жатқан тұқымы бар. Көптен бері адам малданып келе жатқан тұқымы арқа бұғысы. Қысы ұзақ, жазы қысқа арқаның суық жерінде арқа бұғысынан басқа мал жоқ. А.Байт. ~ Қазақтың ата астығы – тары. Мұнан 7-8 жүз жыл бұрын қазақ жерлерін аралаған адамдардың айтуына қарағанда, тары қазақ тамағының бірі болғаны көптен бері болса керек. А.Байт.
