Posted in

КӨПТІҢ БІРІ

Елден ерек емес, басқадан артық емес. * Шын болса, сені: «Жаным, күнім» деп жүрер ем… Сенің жолыңа басымды берер ем…. – деп, Байман белінен қысып, бетінен сүйді. – Көптің бірі боп кетпесем… – деп, Күнікей көп қарады. Ж.Айм. * «Өйтпесем, менің сонда кім болғаным?! Бекерге аспандамай, көптің бірі екенімді ұмытпағаным жөн» деп, өзіне тоқтау салғандай болды. А.Жақс. * Ана екі баладан қорықпаймын. Олар көптің бірі болып, алда да емес, артта да емес, көштің тап ортасында өмір сүретін жандар. С.Жүн. ~ Армансызға орын тимес жалғаннан, Мен де көптің бірімін бе алданған. М.Рай.