Posted in

КӨПШІК ҚОЙДЫ

Жағына сөйледі; жорта мақтады, мақтады; желпіндірді; қолпаштады. * Сәтекеңдердің көргені көп қой, – деп көпшік қойды оған біреулер. — Біздікі надандық екен ғой, – деді тағы біреуі ақылы енді кіргендей. Т.Әбд. * Біреулер ауылнайға көпшік қойып жатыр: ─Жақаңнан да бәле артылмайды ғой, екеуін қатар отырғызып қойғанын көрмейсің бе? – деп бір–біріне тізерлес отырған Дәуітбай мен Ботбайды көрсетеді. Т.Әл. ~ Таппасаң екі-ақ ауыз жұмбағымды Орныңнан тұрмай ажал келді дайын, — деп нос танытады. Бақтыбай да енді айлаға көшіп Төренің өзіне көпшік қоя сөйлейді. С.Ақт.