Сымбат-көркіне адам қызығарлық д.м. ~ Көргенде көзі тойған жігітті жұмыс бөлмесі – кабинетіне бастады. С.Досж. ~ Сол сияқты өте танымал «Бөх» («Балуан») газетінің 1999 жылғы кезекті санында Б.Онқа атты зерттеуші былай депті: «Бойы – 190 см, салмағы – 125 кило, кеудесінің көлемі – 130 см, қою қара қасты, еңгезердей осы бір қазақ азаматын көргенде көз тояды. Б.Қай. ~ Ақ жағалы көйлек пен келісті костюм-шалбар киіп, галстук байлаған мемқызметшіні көргенде көз тояды. Сырт келбетіне сүйіспеншілікпен қарап, қырлы шалбарындай керемет қызмет көрсетсе деп армандаймыз. Г.Дүй.
