Posted in

КӨРГЕН ЖЕРДЕ АУЫЛ БАР

Бір болған үйге тағы бір соғудың әбестігі жоқ, дәм бұйырып, тағы да келіп қалдық деген мағынада. * Шекер қызымен тысқа шығып аттандырып: – Келіп-кетіп жүр… Көрген жерде ауыл бар… Етігіміз болса саған тіктірейік, – дегенде: – Е, нетсек, келмей енді… – деп Күнікей екеуіне кезек қарап, Тұяқ жүріп кетті. Ж.Айм. * Көп ұзамай мен Шиелі аупарткомына бірінші хатшы болып сайландым. Көрген жерде ауыл бар деп, министрге тағы да барып, Шиеліге де үш қабатты байланыс үйін салдырдық. C.Шаух. * «Төрттік» баға еңбек стажы жоқ абитуриентке аздық ететінін сонда білдім. «Көрген жерде ауыл бар» деп салып-ұрып астанадағы жалғыз сүйенерім Қаржау ағама тарттым. С.Байх.