Өмірі жан төзгісіз қиыншылықта, қорлықта өтуде д.м. ~ Жұмабике мен Күнбаланың көрген күнін итке бермесін. Айшуақтың отымен кіріп, күлімен шығып, ертеден қара кешке шейін бір дамыл көрмейді. С.Ом. ~ Жүректі қайғы толтырған күнімізді итке бермесін,- деп зарлайды. Біртүрлі ішім жылып, әрі Мұқаштың әйелін аяп, апамды, әкемді және басқаларды аяп, егіліп жылап қоя бердім. Т.Әб. ~ Е-е, Зухра! – деді күрсініп. – Менің күнімді итке бермесін… – Қара көздері томсара тұңғиықтанып, терезеден алысқа қарады. Т.Сәу. * Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған, мамыржай бейбіт жылдар өтіпті…Ал осы уақыт ішінде ішкі өлкелерде, сарай маңында қалған Маншың ұлықтарының көрген күнін итке берсін. Қ.Жұм.
