Posted in

КӨРГЕН КҮНІ ҚҰРЫСЫН (БАР БОЛСЫН)

Мұндай қорлыққа шыдағанша өлген артық д.м. * Күшіктен жәбір көріп, зиян тартсын деген заң жоқ. Күшік қаба берсе, бүйтіп көрген күнің құрсын? – деді Қырукин. А.Байт. * Көзі қарауытты. Кернеген ыза бораннан артық долданды. «Бүйтіп көрген күн құрысын!–деді ол назаланып,– сүйекке таңба түсті, өлім болды!..» С.Мұқ. * Келер – кетері жоқ болса қоя салмадың ба. Есің дұрыс па?!. Көрінеу көзге біреуді жығып беріп көрген күнім құрысын!… Қ.Ысқ. ~ Көлденеңді көліктінің таяғы – Әкесізге алақандай аялы. Әкесіздің көрген күні құрысын – Кейіннен де опық жедім бұл үшін… И-Ғ. ~ Күндестің көрген күні құрысын. М.-М. * “Бостандықты, тіршілікті темір тозақтың ішіне салып, тірі шығармын”, — деп ойлаған жанның көрген күні бар болсын. М.Әу.