Posted in

КӨРДЕЙ СУЫҚ

Кескін-келбеті ызғарлы, еш жылусыз, мейрімсіз кейіп хақында. ~ Агбаның ішкі әлемі де тастай қараңғы, түнгі шаһардың айы батқан, аспаны нұрдан жұрдай болған кездегі кескін- келбеті де көрдей суық. А.См. ~ Абақтыға түскеннен гөрі, тозаққа түскен жеңілірек. Төрде түстері көрдей суық үшеу отыр екен. Ш.Мұр. ~ Сұрықсыз күйде дастархан жиналды. Үшеуi үш бөлек бөлмеге iндеп, арпалысқан ой арланын жеңе алмай, ұйқы қашып, жамбастары сарғайып жатты да қойды. Таң атпайды. Түрмеге қамалғандай өз отандары өздерiне тым жат, көрдей суық боп көрiндi. Ә.Ыб.