Posted in

КӨРДЕЙ ҚАРАҢҒЫ

Көзге түртсе көргісіз, үрей себетін қараңғылық туралы.
~ Сезімі жоқ жауыз қара күштің қылған күнәсі мен зұлымдығына қатты тоң жер, суық балшық, көрдей қап-қараңғы дүние куә болды. М.Әу. ~ Біз өрлеген шатқалдың теріскейі жыныс орман, ішіне күн түспейді, көрдей қараңғы. Орыстардың “тайга” дейтіні осы. Ә.Асқ. ~ Тұман тұтқынында күндіз жүзудің өзі далбаса, ал мына көрдей қараңғы түнде жүзу мүлде ақылға сыйымсыз. Ш.Айт. ~ Сізге – өтірік, маған – шын, үңгірдің тарлау көмейінен өткен соң- ақ тылсым тыныштық пен көрдей қараңғылық құшағына көмілген жер асты патшалығына енгендей болдық. К.Сег. ~ Машина өрлі, сайлы жолдармен зымырап келеді. Түн көрдей қараңғы. Ауа шыңылтыр аяз… С.Мұқ.