Posted in

КӨРЕЙІН ДЕГЕН ҚҰҚАЙЫ ОСЫ МА ЕДІ?!

~ Шындықты айтқаным үшін құны жоқ құл сияқты ғып сүйреп апарып, түрмесіне қамағаны көрем деген құқайым ба еді?! Жігіттерге рақмет, бабамның аруағын шақырып келіп, құтқарып алды. К.Сег. ~ Құлжаны үрей қармаған-ды. Неше күн, неше түн андысып беріспегендегі көрейін деген құқайы осы болғаны ма?! Ө.Кәр. ~ Ана жылы өз қолымен шекара жүргізіп, мемлекет іргесін бекітуден алған абыройын айрандай төгуі мүмкін. Енді қартайғанда Ши- амбының көрейін деген құқайы осы ма еді?! Қ.Жұм.