Posted in

КӨРСЕ ҚЫЗАР

Не болса соған құмартатын, еліктегіш; нәпсіқұмар адам туралы; ~ Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме! Абай. ~ Байсалды кісімсіп, Күнікейге: «Көрсе қызарсың-ау» деп отырса да, аздан соң өзінің де əуесқойлығы ұстап, бір жұмысқа барған кісі боп Шекер байдікіне жөнелді. Ж.Айм. ~ Минут, сағат, күндік, айлық қол емес, Тілейтінім, жүдейтінім ол емес. Көрсе қызар, антын бұзар қылжақбас, Тұрлауы жоқ әсіре қызыл мен емес. Б.Майл.