Posted in

КӨРІГІН ҚЫЗДЫРДЫ

Әлдебір істі жандандырып, леп қосу хақында. ~ Бірақ ақ берен киіп, семсер асынып, соғысқа тікелей араласпағанымен, күрес көрігін қыздырып, отаршылардың зәре- құтын қашырып, берекесін кетіріп жүрген қаһарман ұлдарына ақыл-кеңес беріп, жол-жоба көрсетіп, қажет жерінде басшылық жасап отырғанын жоққа шығаруға болмас. C.Ақт. ~ Жарқылдаған жастық шақты бұлар да өткерген. Заманындағы модамен киінді. Мәрия екеуі қолұстасып жүріп, би кештерінің де көрігін қыздырып бағыпты. Қ.Мұқ. ~ Бүгінгі кеште де мейманханадағы музыканың көрігін қыздырып жатқан осы нсамбль болатын. C.Жәм.