Сәнін кіргізді. ~ Оқылған газет жыртылмайды. Үйге көрік беретін кілем орнына қабырғаға жағалата ілініп қойылады. Б.Соқ. ~ Терезеден түскен күн шұғыласымен өзгеше сәулеттеніп тұрған салтанатты бұл бөлмеге онан сайын көрік беріп Бота дейтін екі жасар бала ойнап жүр. Ә.Әб. ~ Жағасында жиде ағаштары көрік беріп (мен ес білгелі бар болатын, әлі де бар) сәт-сапар тілеп тұратын жол маған әрдайым қымбат, жаныма ыстық боп көрінеді. Ә.Ысқ.
