Әркімнен көмек күткен, қайыр тілеген сұраншақтық жайында. ~ Үй-жайың, жолдасың бар шығар? – Жоқ! Құдайдан сұрағаным құрығымнан шығып кеткен соң, көрінгенге қол жайып не табам дедім. С.См. ~ Жазушылар көрінгенге қол жайған сұраншақ, ғалымдары базар жағалап, өнер адамдары байшікештердің тойында ән салып асаба, қыздары тәнін сатып жезөкше болып кеткен заманда ибалы адам, иманды қоғам болу қиын-ақ. С.Дос. ~ … ауылда көмір болмай қалса да өмірден түңіліп, туған-туысқандарына салмақ салып, көрінгенге алақан жайып карап отырғанына қынжыласың… С.Дос.
