Posted in

КӨРІНГЕН ЖЕРГЕ КҮЛ ТӨКТІ

Көшіп-қонып, әр жерді мекен етті, бір жерге тұрақтай алмады; үйреншікті тірлігінен, өмірлік дағдысынан тез айныды. ~ Ендеше несіне жылы орнымыздан қозғаламыз. Қайда
барсақ Қорқыттың көрі екен, көрінген жерге күл төге бергенше, өз елімізде ұлтан болмаймыз ба. О.Бөк. ~ Нарынқолдан келді дей ме соны? Құдай білсін оның ар жағында қайдан келгенін… Еңбегі жанған, елге сыйымды біреу болса, көрінген жерге күл төгіп көшіп жүре ме? Қ.Жұм. ~ Көрінген жерге күл төге беретіндер көп, олар мінезсіздер. Ондайлар қайсыбір жұмысты да қарық қылып істемес. О.Бөк.