Жұрттың көзінше, ешкімнен тайсалмай, жасырынбай істелген жағымсыз әрекет туралы. ~ Бекназардың оған тәуекелі бармады. Жұртты көріне көзге ажалға қайтіп айдап салмақ. Ш.Айт. ~ Бейқұтшылықтағы ел жүрексініп, үрей жайлап алды. Түнде далаға шығудан қалды. Арамыздағы байлардың туған-туысқандарына да күмәндана қарау, оларды көріне көзге көзтүрткі жасау да көбейіп бара жатты. Б.Қыд.
Ашықтан ашық; қысылып-қымтырымай-ақ; көзіңді бадырайтып қойып. * Есің дұрыс па?!. Көрінеу көзге біреуді жығып беріп көрген күнім құрысын!.. Өзі де табанын жалаған қу екен, майлы ішектей айландырып әкетіп барады. Қ.Ысқ. * Тағы да би басталды. Бірақ Кияку билегісі келмеді. Бақсының Сариге рұқсат бермегені оған көрінеу көзге жасаған зорлық секілді. Ол күлген адамдардың бәріне ренжіді. Т.Әбд. * Бұрын дәл сондай бір әйел жанды мінезі жоқ, кәдімгідей байсалды – ақ жігіт болатын. Көрінеу көзге ерсі — елпілдеп әйелінің асты-үстіне түсіп, иіліп — созылып киіміңді әперіп жатпайтын. Т.Ахт. * Ол сызданып айтты. Беті күреңітіп, сөзін ызалы күлкімен көмді.— Тіпті ашық кеткенсіздер ме!? — Мен көріне көзге жасалған арандатушылықты ол көріп отыр деп, қолымды тапаншаға апарғаныма қысылып қалсам, ол мені арам тұтады … Б.Қыд.
